Бас прокуратура қылмыстық іс аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құжаттамасын тәркіледі, деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметінен.
Шілде айының басынан бастап Семей Орман қорығының орман қорғаушыларына жалақыны 100 пайызға көтеруге уәде берілді. Алайда, белгілі болғандай, қызметкерлердің көпшілігі ондай қаражат алмаған. Мәселен, химиктер, жүргізушілер, радио операторлары және басқа да қызметкерлер ондай жәрдемақыны көрмеген.
Үкімет басшысы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға ұлғайту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
"16 қаңтарда "KKC-Sicim" ЖШС-нің 500-ге жуық қызметкері жалақыны 50%-ға арттыруды талап етіп, жұмыс учаскелеріне барудан бас тартты. "KKC-Sicim" ЖШС Бөрлі ауданының Пугачево ауылында орналасқан, онда 3000-ға жуық адам жұмыс істейді", - делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Батыс Қазақстанда жұмыстарын тастап, екі күннен бері ереуілде тұрған «KKS-Sicim» компаниясының 500-ге жуық жұмысшының жалақыны көбейту туралы талабы орынсыз. Бұл туралы бюджеттен 1 миллион 800 мың теңге жалақы алатын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді.
1-февралдан тарта патенттин 19 түрү кыскартылат. Бул тууралуу Мамлекеттик салык кызматы билдирди. Учурдагы 86дан 67 түр калат. Анын ичинде жеке ишкердик иш — 56 түрдөн 34кө чейин кыскарууда, ал эми жеке эмгек ишмердиги, тескерисинче, иштин 3 түрү менен толукталып, 30дан 33кө чейин көбөймөкчү.
Алматыда «Абай» атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университететіне тиесілі оқу ғимаратының жөндеуін жүргізген құрылысшылар бүгін наразылыққа шықты. Олардың айтуынша, өздеріне міндеттелген құрылыс жұмыстарын толық аяқтаса да, оқу орнының әкімшілігі 33 миллион теңгені аудармаған. Осылайша университет басшылары адал еңбегіміздің ақысын төлемей бір айдан бері созбалаңға салып келеді деп ашынады мердігер компания өкілдері. Ал оқу орны басшылығының айтар уәжі басқа.
Үкімет сағатында болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жинақтаушы жүйеге қатысты жоспарды бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К. Қазіргі жүйе бойынша еліміздегі зейнеткерлер өзі жинаған ақшасы (айлықтан 10 пайыз) мен мемлекет беретін базалық зейнетақының қосындысын алып келеді.
Алматы. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қазпошта»АҚ-ның қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Ақтауда жедел жәрдем станцияларының ондаған жұмысшысы ереуілге шыққаны үшін жұмыссыз қалуы мүмкін. Бірнеше бекеттің қызметкерлері алты күннен бері жұмысқа келмеді. Сот олардың әрекетін заңсыз деп таныды.