"Шекараны күшейту жұмыстарының жүріп жатқанына бірнеше ай болды. Шекараны кесіп, түркімен аумағына өтіп жатқандар кері қайтарылып жатыр. Маған шекараға қосымша әскери күш пен медқызметкерлер тартылып жатқанын айтты. Сондай-ақ Серхетабадқа полицейлерді де жіберіп жатыр. Егер кімде-кім жұмысында қателік жіберсе, оны 22 күнге Серхетабадқа жолдайды. Осы жағдайдан соң кей полицейлер жұмыстан шыққысы келеді, бірақ оларды жібермей отыр" дейді дереккөз. Оның сөзінше, шекараға медқызметкерлерді 15-20 күнге жіберіп жатыр. Тіпті шекара аумағына жіберілетін медқызметкерлердің тізімі де жасалған.