2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285433 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 23,7%, ал нақты жалақы индексі 12,7% құрады.
Бюро мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 143 246 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 17,3% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыс 7,9 % артты.
31 наурызда облыс әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыс әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, мұнайгаз секторындағы кәсіпорындардың және басқа да ірі компаниялардың басшылары қатысты.
"Өңірдің барлық тұрғындарын мұнай-газ саласына бірден жұмысқа орналастыру мүмкін емес. "Өзенмұнайгаз" құрылымына жұмысқа қабылдаудың белгілі бір алгоритмі бар, ол кезек тәртібімен жұмыс істейді. Аштық жариялаған 19 адам оларды "Өзенмұнайгаз" - да жалпы кезекке тұруды талап етеді, бұл мүмкін емес, өйткені бұл басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге қатысты әділ болмайды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ҚазТАГ агенттігіне сәрсенбіде.
Ақтөбеде үй аралап, тұрғындарға газ шаруашылығының түбіртегін тарататын жүзден астам контролер жалақының аздығына наразылық білдірді. Оларды облыс аудандарындағы әріптестері де қолдап отыр. Барлығы 179 адам талаптары орындалмайынша газдың түбіртегін таратпауға келіскен.
10 ақпанда Маңғыстауда үш компания президентке видеоүндеу жолдап, жұмыс жағдайына шағым айтты және еңбекақыны көбейтуді талап етті. Әлеуметтік желіде таратқан видеоүндеуінде Маңғыстау облысы Сайөтес кентіндегі "ПЧ-12" теміржол мекемесінің теміржолшылары еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны көтеруді талап етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 ақпан күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысында "еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келе жатқанын" айтып, мәселені шешу қажеттігін атап өтті. – Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компаниялармен сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек, –деді Тоқаев.
Осы аптада Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Рот видеоформатта кездесу өткізді. Конференция барысында HRW өкілі қаңтар оқиғасын зерттеуге халықаралық сарапшыларды тарту қажеттігін атап өткен. Дегенмен Қазақстан СІМ-нің кездесу туралы ресми хабарламасында ол жөнінде ақпарат болмай шықты.
8 ақпанда таңертең Жаңаөзен қаласындағы ереуілшілерге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мен "Қазмұнайгаз", "Өзенмұнайгаз" компаниялары өкілдері келді. Олармен жолыққан ереуілшілер ешқандай комиссиямен келісімге отырмайтынын, талаптары тек жұмыс орны екенін айтты. Бұл туралы жаңаөзендік азаматтық белсенді Серік Бақтыбайұлы Facebook парақшасындағы тікелей эфирде жүргізген видео таратты.
Ақтаудағы "Маңғыстау атом энергетика комбинаты (МАЭК) - Қазатомөнеркәсіп" мекемесінің мыңға тарта жұмысшысы мекеме маңында ереуілдеп жатқалы екінші күн. Олар жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды, белсенді жұмысшыларды қудаламауды талап етіп жатыр.