Жаңалықтар

15 Желтоқсан, 2021 / Қазақстан
Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәлімдемесі

Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәлімдемесі

2021 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуілінен кейін полиция қызметкерлерінің оқ қаруын қолдану салдарынан болған қайғылы оқиғаға 10 жыл толады. Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан Шетпе ауылында ресми мәліметтер бойынша 17 адам қаза тауып, 86 адам жарақат алған.
30 Қараша, 2021 / Қазақстан
Әзербайжан компаниясынан ақшасын ала алмаған кәсіпкерлер Ақтөбе әкімдігіне барды

Әзербайжан компаниясынан ақшасын ала алмаған кәсіпкерлер Ақтөбе әкімдігіне барды

Әзірбайжанның "СПИК Аккорд" компаниясынан 168 млн теңге қарызын ала алмай жүрген бір топ кәсіпкер 29 қарашада Ақтөбе облысының әкімдігіне барды. Наразылар биліктен Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауды талап етіп, облыс басшысы Оңдасын Оразалинмен кездестіруді сұрады.
Кәсіпкерлердің сөзінше, 2019 жылы Ақтөбе - Астрахань тас жолының 236-шақырымынан бастап реконструкция жасаған "СПИК Аккорд" компаниясына Байғанин ауданының тұрғындары түрлі техникаларын жалға берген.
24 Қараша, 2021 / Қазақстан
Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілердің жалақысы көтеріледі

Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілердің жалақысы көтеріледі

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына келесі міндеттемелер жүктелген: жыл сайын 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейінің 100% көлемінде жалақыны индекстеуді жүзеге асырсын;
өндірістік-экономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуына қарамастан ағымдағы жылдың желтоқсан айында 13-ші еңбекақы төлеуге; желтоқсанда жалақыны 15–17 пайызға көтеру; кадр тапшылығын жою, ол үшін желтоқсан айының соңына дейін нормативті сандық және штаттық кестені әзірлеп, ай сайын олар толық қамтылғанға дейін кемінде 100 адамды жұмыспен қамту; жұмыс автобустарын жаңарту; 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін жұмысқа орналасқан қызметкерлердің демалыс күндерінің санын көбейтуге; ұзақ уақыт ауырған адамдардың еңбекке жарамсыздық парағындағы төлемдерді 50 АЕК-ке дейін арттыру; шахталарда техникалық аудит жүргізу және ескірген жабдықты пайдаланудан шығару; тау-кен-геологиялық жағдайларға байланысты жоспарлау тапсырмаларын түзету.
15 Қараша, 2021 / Қазақстан
Ақтөбеде фермерлер митингіге шығып, субсидия, су, жайылым мәселесін көтерді

Ақтөбеде фермерлер митингіге шығып, субсидия, су, жайылым мәселесін көтерді

Бүгін, 15 қарашада Ақтөбе фермерлері митингіге шықты. Жергілікті әкімдік рұқсат берген бұл наразылықта ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалар айтылды. Ақтөбе фермерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған акцияға жүз шақты адам қатысты. Наразылардың арасында Қарағанды мен Батыс Қазақстан облысының фермерлері де болды.
13 Қараша, 2021 / Қазақстан
Казахстан: "Аралтұз" компаниясының кейбір жұмысшылары ереуілден кейін жұмыссыз қалғанын айтты

Казахстан: "Аралтұз" компаниясының кейбір жұмысшылары ереуілден кейін жұмыссыз қалғанын айтты

Қыркүйек айында ереуіл арқылы жалақы өсіруге қол жеткізген "Аралтұз" компаниясының жұмысшылары наразылықтан соң компания басшылығының шара кезінде "көзге түскен" жұмысшылардан біртіндеп арыла бастағанын айтып отыр. Компанияда 2003-2014 және 2019-2021 жылдары аралығында слесарь болып жұмыс істеген Ақылжан Қиылбаевтың Азаттыққа айтуынша, компания онымен қараша ортасында келісім-шартты үзетінін хабарлаған. Себебін түсіндірмеген.
12 Қараша, 2021 / Қазақстан
Министр "АрселорМиттал Теміртаудың" қауіпсіздік ережелерін үнемі бұзатынын айтты

Министр "АрселорМиттал Теміртаудың" қауіпсіздік ережелерін үнемі бұзатынын айтты

Төтенше жағдай министрлігіне қарасты мекеме қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өндірістік нысандарында қауіпсіздік ережелері сақталмайтынын бірнеше рет анықтап, шара қолданған. Алайда соттар нысанның жұмысын тоқтату туралы өтініштерді орындамай, тек айыппұлмен шектеледі. 12 қараша Сенатта өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын кезінде Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді.
08 Қараша, 2021 / Қазақстан
"Абай" шахтасында жараланғандар реанимациядан шықты, "Арселор Миттал Теміртау" уәдені үйіп-төкті

"Абай" шахтасында жараланғандар реанимациядан шықты, "Арселор Миттал Теміртау" уәдені үйіп-төкті

Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында 7 қараша, таңертең болған апаттан жараланған екі адам аурухана реанимациясынан палатаға ауыстырылды.

— Екі пациентті жағдайы орташа, ем барысында жақсарып келе жатыр. Әрі қарай емделу үшін токсикология бөліміне ауыстырылды, — деп хабарлады 8 қарашада Мақажанов атындағы клиника.

Дүйсенбіде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы баспасөз жиынын өткізді. Компанияның бас директоры Азаттық тілшісінің "газ дүмпуі неден пайда болды" деген сауалына тұщымды жауап қата алмады. Компания бұған дейін "Абай" шахтасы қазіргі заманғы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілгенін хабарлаған болатын.
08 Қараша, 2021 / Қазақстан
"Абай" шахтасында тағы да апат болып, алты кенші көз жұмды

"Абай" шахтасында тағы да апат болып, алты кенші көз жұмды

Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында апат салдарынан алты адам мерт болды. Шахтада осыған ұқсас төтенше жағдайлар бұрын да болған, болашақта да қайталануы әбден мүмкін. 13 жыл бұрын шахтада болған қайғылы оқиғалардан кейін құрылған "Шахтерлар отбасы" қоғамдық бірлестігі жұмысшылар "жүйенің кепіліне" айналды деп есептейді.
Жексенбі күні шахтадағы апат салдарынан алты адам қазаға ұшырады. Төтенше оқиға Қарағанды өңірі мен шахтерлар көп тұратын Абай қаласын дүр сілкіндірді. Апаттан шахтаға жол салатын жұмысшылар мен шеберлер опат болды.
05 Қараша, 2021 / Қазақстан
Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр

Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр

Шымкентте індет өршіп тұрған тұста өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, инфекциялық аурухананың жаңа бөлімшесінде жұмыс істеген жетпіске жуық азамат не айлығын, не үстеме ақысын ала алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
08 Қазан, 2021 / Қазақстан
Аштық жариялаған тау-кен комбинатының жұмысшылары ауруханаға түсті (видео)

Аштық жариялаған тау-кен комбинатының жұмысшылары ауруханаға түсті (видео)

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл маңындағы Обухов тау-кен комбинатының жұмысшылары аштықтың 4-ші аптасында ауруханаға түсті. Олардың жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тау -кен комбинаты жұмысшыларының аштық жариялағанына бүгін 27 күн болды. Зауыт лицензиясына қатысты наразылық танытқандар аштықтың 4-ші аптасында денсаулықтары сыр беріп, ауруханаға түсті.