Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында маусымның соңында басталған ереуілдер тізбегі толастамай тұр. Негізгі талап – еңбекақыны көтеріп, жұмыс жағдайын жақсарту. 19 шілдеде бірнеше мекеме ереуілге қосылды. Олардың дені – мемлекеттік "Өзенмұнайгаз" компаниясына қызмет көрсететін мекеме жұмысшылары. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы да осы компания жұмысшыларының еңбек дауынан тұтанған.
Жаңаөзенде мұнай өндіруші "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бұрғыларын жөндейтін "КЕЗБИ" мекемесінің жұмысшылары бір аптадан соң ереуілді тоқтатып, жұмысқа шықты. Олар жалақы өсіру, жұмыс жағдайын жақсарту бойынша қойған 12 талаптың "ішнара орындалғанын" айтады.
Жаңаөзенде "КЕЗБИ" компаниясының 600-ден астам жұмысшысы екі күннен бері жұмысты тоқтатып, ереуілдеп жатыр. Олар еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көтеруді, өздері құрған кәсіподақ белсенділерін қудаламауды талап етеді. "ӨзенМұнайГаз" компаниясының мердігер мекемесі "КЕЗБИ" жұмысшылары 30 маусымнан бері жұмысты толық тоқтатқан. Олар 30 маусымда түнгі ауысымның жұмысшылары ереуілді таң атқанша жалғастырғанын айтады.
Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалына жауапты екі компанияның бірі "Жолаушылар автокөлік кәсіпорнында" дүйсенбі күні басталған наразылық әлі де ішінара жалғасып жатыр. Сондықтан компания кей бағыттардағы 6 автобустың орнына 3-4 көліктен шығаруға мәжбүр болған.
- Жұмысшыларымыздың 10-20 пайызы бүгін де желіге шықпады. Осыған орай қала тұрғындары аялдамаларда сәл кідіріңкіреп қалуы мүмкін. Ең бастысы, қозғалыс мүлдем тоқтап қалған жоқ. Соның өзі жетістік, - деді Азаттыққа телефонмен берген сұқбатында компания өкілі Асанәлі Қайдаров.
1 маусым күні Ақтөбеде жолаушы тасымалдайтын тағы бір компания "Автопарк" жүргізушілері мен кондукторлары жұмысқа шығудан бас тартып, қала тұрғындары түстен кейін автобуссыз қалды. Түс әлпетінде компания кеңсесіне жиналған наразылар басшылардан жүргізушілер мен кондукторларды штатқа алып, тұрақты жалақы төлеуді талап етті. Осы жердегі жүргізушілер мен кондукторлардың бәрі ресми түрде жұмыссыз. Зейнетақы қорына да, медициналық сақтандыру қорына да ақша аударылмайды. Бірақ тәулігіне 16-18 сағаттан жұмыс істейміз.
31 мамыр күні түстен кейін Ақтөбедегі "Жолаушылар автокөлік кәсіпорнының" жүргізушілері мен кондукторлары жұмыстан паркке оралып, наразылыққа шықты. Жұмысқа шығудан бас тартқан жүз шақты адам жолақысы 150 теңге болғалы Ақтөбеде жолаушы тасымалы қиындап кеткенін айтады.
- Бүгіннен бастап Ақтөбеде жол ақысы қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда - 150 теңге, көлік карталарын қолданушылар үшін - 80 теңге. Картасы жоқ жолаушылар 150 теңге төлегісі келмейді. Қолма-қол ақшаның болмауы автобус жүргізушілері үшін де қиын. Өйткені кондуктордың айлығын жүргізуші өз қалтасынан төлейді. "Кәсіпорын" кондукторларды штатқа алмай отыр. Одан бөлек қосалқы бөлшекке де ақша бермейді. Көшеде жолаушы тасып жүрген автобустан бұзылып паркте тұрғаны көп. Бұдан әрі бұлай жұмыс істей алмаймыз, - дейді жүргізушілердің бірі Руслан Досмәмбетов.
Ауыл ішіндегі алтын өңдеу фабрикасына қарсы наразылықтан соң "Қазақалтын" компаниясының кешені жұмысын уақытша тоқтатты. Ақмола облысы Бестөбе ауылының жүздеген тұрғыны көп жылдан бері фабрика шаңына тұншығып, зиян қалдығына шағынып келеді. Бірақ осыған дейін биліктен де, компаниядан да реакция болмаған. Жүздеген адам жиналғанда ғана "Қазақалтынның" басшысы келді.
Осы аптада шетел басылымдары Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі деген Алматы әуежайының түрік компаниясына сатылғанын хабарлады. Бұған қоса Қытайдың Орталық Азияға әскери ықпалының артқаны, мұның Қазақстанның копвекторлы сыртқы саясатына қауіп төндіруі мүмкін екені айтылды. Сонымен бірге шетел журналисі Жаңаөзен оқиғасы туралы романның авторымен сұхбаттасты.
Жаңаөзенде "Бұрғылау" мұнай сервис компаниясына мердігер "Фиркрофт" ЖШС-інің жүзге тарта жұмысшысы жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. Жұмысшылардың сөзіне сүйенген Vlast сайтының жазуынша, 19 сәуірде еңбек инспекциясы, қала әкімінің орынбасары мен кеңесшісімен кездесуден нәтиже шықпаған.
Қарағанды қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып істеген Ербол Емілжанов еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, станцияға бөлінген қаржы жымқырылған деген күдікпен мемлекеттік органдарға хат жазғаннан кейін жұмыстан босатылған. Жүргізушіні ресми түрде қызметінен босатуға оның басқа подстанцияға жұмысқа шығудан бас тартуы негіз болған.