Жаңалықтар

17 Сәуір, 2021 / Қазақстан
Ақтөбе: Бестамақта шошқа фермасының жұмысшылары аштық жариялады

Ақтөбе: Бестамақта шошқа фермасының жұмысшылары аштық жариялады

Ақтөбе облысында былтыр жыл соңында дауға ілінген шошқа фермасының шамамен 70 жұмысшысы құбыр жүйесін жауып тастағанына наразылық білдіріп, аштық жариялады. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.
31 Наурыз, 2021 / Қазақстан
"Мал мен барда үшін өмір сүреміз". Жергілікті спирт зауытын жабылудан сақтап қалған ауыл тұрғындарының хикаясы

"Мал мен барда үшін өмір сүреміз". Жергілікті спирт зауытын жабылудан сақтап қалған ауыл тұрғындарының хикаясы

Бұл мақалада Ақмола облысындағы ауыл тұрғындарының арағымен танымал "Айдабол спирт зауытын" жабылудан қалай сақтап қалғаны баяндалады. Олардың зауытты қолдауына ішімдікке құмарлық емес, зауыттың ауыл өміріндегі маңызы себеп болған. Кәсіпорын адамдарға жұмыс, малға азық беріп, жергілікті мектепті, балабақшаны және емхананы жылумен қамтамасыз етіп отыр. Азаттық тілшісі Айдабол ауылына барып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.
30 Наурыз, 2021 / Қазақстан
"Жағдайды түзеу үшін ештеңе жасаған жоқ". Шахтер-регрессниктер Тоқаевқа қайта қайырылды

"Жағдайды түзеу үшін ештеңе жасаған жоқ". Шахтер-регрессниктер Тоқаевқа қайта қайырылды

Қазақстанда өндірісте жарақат алып, мүгедектік алған 14 мыңнан астам адам бар. Қарағанды облысындағы регрессниктер бұған дейін де жағдайларының нашарлығына шағымданып, көмек сұраған. Бастамашыл топ бірнеше мәселе көтерген: ауыр әрі қауіпті жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке шығу жасын қайта қарау, 2015 жылы заңнамаға түзету енгенге дейін еңбекке жарамсыз болып қалған адамдарға төленетін өтемақы көлемін қайта қарау және өзге де мәселелер.
24 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Құқық қорғаушы наразылық акциясына шықты

Құқық қорғаушы наразылық акциясына шықты

«Заң жобасы бойынша жоғары құрылым – республикалық адвокаттар алқасы мен заң жөнінде кеңесшілердің республикалық палатасы құрылады. Біздің ойымызша, бұл құрылымдар төмендегі адвокаттық кеңселер мен адвокаттар және заңгерлер палатасын тәуелсіздіктен толық айыруды көздейді. Олар нені ұсынады? «Адвокат және заң қызметін жетілдіреміз» деген желеумен түрлі жарна енгізіп, қандай да бір ақпарат жүйелерін, деректер қорын тықпалап жатыр, оны пайдаланып, сол үшін ақша төлеу де міндетті болады», – деді құқық қорғаушы. Шорманбаев сөзінше, билік 30 жылдан бері тәуелсіз салаларды мемлекеттендіру процесі жүруде. Енді ол тәуелсіз адвокаттар саласына да келген.

12 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдады

Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдады

Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы саяси жағдайды қатаң сынап, санкция енгізуді ұсынды.  Еуропарламент пленарлық отырысында «Қазақстандағы адам құқықтары мәселесіне қатысты» арнайы резолюция қабылдады. Онда соңғы уақыттар тәуелсіз ұйымдар мен саяси белсенділерге қысымның күшейгені, 10 қаңтарда өткен парламент сайлауында сайлау және сайлану құқығы болмағаны жөнінде айтылған.
10 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Атырауда мектеп салып жатқан жұмысшылар еңбекақыларын талап етіп отыр

Атырауда мектеп салып жатқан жұмысшылар еңбекақыларын талап етіп отыр

Бір жылға жуық еңбек еткен азаматтардың не зейнетақы жарналары, не медициналық сақтандыру төлемдері аударылмаған. Сондай-ақ, бас мердігер жеке кәсіпкерлердің де ақысын бермей сенделтіп қойған көрінеді.
АСХАТ ДАЛБАЕВ, жұмысшы:
– Мамырда бастап кірдік, 9 ай болып қалды ғой. Осы уақыттан бері ештеңе төлеген жоқ. Бірақ үш ай сайын аударамыз деді.
09 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Қытайлық компанияға талап

Қытайлық компанияға талап

Ақтөбеде тағы мұнайшылар бас көтерді. Бұл жолы да қытайлық «Сағыз Петролиум» компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы Ақтөбедегі бас кеңсенің алдына жиналды. Атырау мен Ақтөбе аумағында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнайшылардың екі талабы бар. Біріншісі  - жалақыларын 100 пайызға өсіру. Екіншісі - отыз күндік жұмыс кестесін он бес күнге қысқарту.
05 Ақпан, 2021 / Қазақстан
"Есек сияқты жұмыс істейміз". Алматы дәрігерлері сыйақы төлеу тәртібіне нараз

"Есек сияқты жұмыс істейміз". Алматы дәрігерлері сыйақы төлеу тәртібіне нараз

Індет қатеріне байланысты дәрігерлерге үстемақы төлеу жүйесі биыл қаңтардан бастап тағы өзгерді. Бұдан былай жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жұқтыру қаупі айқын науқастарға барғаны үшін ғана ақы алады. 5 ақпанда Алматыдағы он екі подстансаның қызметкерлері бұған наразылық білдірді.
01 Ақпан, 2021 / Қазақстан
"Талабымыз орындалатын болды". "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатты

"Талабымыз орындалатын болды". "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатты

Ақтөбе өңіріндегі "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатқаны хабарланды. Өткен аптада олар жалақыны екі есе көбейтуді талап етіп, ереуіл жариялаған. Облыс әкімдігі компаниялар мен жұмысшылар мәмілеге келіп, Көкжиде мен Бәшенкөл кеніштерінде жұмыс қайта жалғасқанын айтады.
01 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді

Көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді

Пандемия Қазақстанға келген шетелдіктердің өмірі мен жоспарларына түзетулер енгізді. Тікелей көлік қатынасының болмауы, транзиттік жол жүру үшін шекаралардың жабылуы, әуе билеттерінің жоғары бағасы – осы факторлардың барлығы заңға бағынатын шетелдіктердің көпшілігіне белгіленген мерзімде Қазақстаннан кетуге мүмкіндік бермейді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елде уақытша болатын шетелдіктер мәртебесін заңдастыруға және Қазақстан заңнамасының бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік беретін шешім қабылдады.