Ақтөбе облысындағы Көкжиде кенішінде 25 қаңтардан бері мұнай өндірісі тоқтап тұр. Жалақыны 100 пайыз көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен 100-ге тарта мұнайшы күн сайын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін өндіріс аумағындағы ашық алаңқайға жиналады. Басшылық ереуілшілер талабын орындау мүмкін емес дейді.
Қазақстанның салық органдары үкіметтік емес үш ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды. Тағы он шақтысын тексеріп жатыр. Адам құқығы, сөз бостандығы мәселесімен айналысатын ұйым жетекшілері мұның саяси астары бар дейді.
Былтыр қараша соңында Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері салық органдары тарапынан негізсіз тексеріс болып жатқанын мәлімдеген. Салық органдары тарапынан тексеруге “Еркіндік қанаты”, “Халықаралық құқықтық бастама”, “MediaNet” халықаралық журналистика орталығы, “Құқықтық медиа орталық” ұйымдары, “Эхо”, “Кадір қасиет”, Қазақстандағы адам құқығы бюросы ұшыраған.
Семейде жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс жағдайына және коронавирусқа қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төленбегеніне шағынады. Олар осы мәселені көтергені үшін қысым көріп жатқанын айтады.
Соңғы бірнеше аптада азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының «шабуылына» ұшырады. Біздің ойымызша, оларды ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) органдары тұр. Барлығы көшіріп алғандай, бір-бірінен айна қатесіз аумайды. Әртүрлі аймақтарда салық органдары салық есептілігінің 017.00 және 018.00 формаларын толтырудағы қателіктерді сылтауратып, ескерту хаттарын жолдаған. Бұл формалардың барлығы шетелдік көздерден қаржы алу мерзімі мен оның жұмсалуына қатысты. Мәселе салықтан жалтару, қаржыны заңсыз және мақсатсыз жұмсау жөнінде емес, форманы толтыруға қатысты.
Қазақстан билігі жұмысы барысында коронавирус жұқтырған дәрігерлерге төленетін екі миллион теңгелік өтемақыны алып тастады. Енді дәрігерлердің Covid ауруына шалдығуы төтенше жағдай деп бағаланады. Пандемия жарияланғалы коронавирусты 13 мың медқызметкер жұқтырып, оның 182-сі көз жұмған.
Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданында жаңадан салынып жатқан «Алтын шаңырақ» тұрғын үйінде лифт құруға барған 26 жастағы жұмысшы 11 қабаттан құлап, мерт болды. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына барғанда оның жүрегі тоқтап қалғанын көрген.Қазақстанда бұған дейін лифтілердің дұрыс жұмыс істемей, шахтаға құлап кеткен, адамдарды қысып қалған оқиғалары бірнеше рет болған. Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеде көпқабатты үйде журналист Айзат Әбдісамат тозған лифтіге қысылып қалып, қайтыс болған. Бұл оқиғадан соң Ақтөбе билігі бірқатар тексерулер бастаған. Осы оқиғадан соң пәтер иелері кооперативі серіктестігнің төрағасы мен лифтіні жөндеген жалдамалы меxаник сотталған.
Қарағанды облысында жарық беруші компания жұмысшылары екі жылдан бері жалақы алмаған. Кәсіпорын басшылары жұмысшылар талабына құлақ асар емес. Ал жергілікті билік көмектесуге дайын екенін, бірақ ол үшін жұмысшылар өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазу керегін айтады. Жаңаарқа ауылында электр бағанасына шығып, жұмыс істеп жатқан адам. Қарағанды облысы.
34 жастағы журналист Ербол Мәндібек мемлекет иелігіндегі Qazaqstan ұлттық телеарнасынан "өз еркімен қызметтен кетті”. Он жылдан аса президент пулында хабар таратып, кейінгі үш жылдай уақыт арнайы тілші болған Мәндібек қазір телеарна басшылығы мен оның редакциялық саясатын сынаушыға айналды.
Назарларыңызға «Халықаралық Құқықтық Бастама» ҚҚ дайындаған, еңбек құқықтарына қатысты, жұмысқа орналасарда сіздің негізгі білуіңіз қажет ақпараттар баяндалған видеоларды ұсынғалы отырмыз: