Түркістан облысында диқандар биыл өсірген мыңдаған тонна капустаны коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде Ресейге шығара алмай, егістіктегі өнім шіріп, шығынға батқанына шағынады. Аймақ әкімдігі егіншілер проблемасын шешуге үкіметтен көмек сұрады.
Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасы коронавирус ошағына айналып, 11 сәуірден бері карантинге жабылды. Ресми дерек бойынша, медицина мекемесінің коронавирус анықталған қызметкерлер саны 182-ге жетті. Шудан кейін медицина мекемесінің бас дәрігері қызметінен кетті. Қаланың бас санитары коронавирустың тарауына дәрігерлердің де кінәсі бар деген.
Он жыл бойы адал қызмет еттім. Енді келіп, мені көшеге лақтыра салды. Жол-көлік оқиғасы болған кезде боран, тайғақ еді. Басқа көлікпен соқтығыспас үшін рөлді жылдам бұрғанымда екінші машинаға барып соғылдым. Бірақ маған осы үшін жұмыстан қуылатынымды ешкім айтпады. Видеорегистратор болмағандықтан кінәсіз екенімді дәлелдей алмадым, сондықтан айыпты мойындадым. Көлікті өз ақшама жөндедім, 100 мың теңге кредит алдым, - дейді ол.
Өнерхан 2019 жылы желтоқсанда «Әлеуметтік желіде жұртты митингіге шақырды» деп айыпталып, он тәулікке қамалған. Ол Азаттыққа қамаудан шыққан соң мектептен шығарылып, әскерге шақыртылғанын айтқан.
Осы аптада “Уральская неделя” басылымының тілшілері Лұқпан Ахмедьяров пен Рауль Упоровтың “Мұнай қаһары” (“По ту сторону нефти”) атты деректі фильмі жарық көрді. Онда мұнай кеніштері орналасқан Қазақстанның үш аймақ тұрғындарының жұпыны да қиын тіршілігі баяндалады.
Еңбек құқығы бұзылған қазақстандықтарға құқыққорғаушылар көмектеседі. Заңгерлік кеңес беріп, бұзылған құқықты сот арқылы қалпына келтіруге атсалысады. Сонымен қатар, елдегі аталған мәселеге қатысты жағдайдың жақсаруына барынша ықпал етуге тырысамыз дейді олар.