Мемлекет басшысы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Экспресс К.
Осылайша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы негізгі есептік көрсеткіштер келесідей болады:
- ең төменгі жалақы мөлшері — 70 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 24 341 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері — 53 076 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 40 567 теңге.
Жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға арттыруды ескере отырып көзделген,
— делінген құжатта.
Оқи отырыңыздар:
- Алтынай Жорабаева саунада отырған жерінде екінші күйеуіне ұсталып қалды
- Абай бірнеше қызды бүлдірген, Қыз Жібек те қыздай тимеген — Анна Құдиярова
Бұған дейін атаулы көмек алатын балаларға азық-түлік орнына 5 мың теңгеден берілетіні туралы жазған едік.






