2024 жылғы сәуірде Бюро барлық ірі, сондай-ақ орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) кәсіпорындардың 30% іріктеп қоса алғанда, бүкіл ай бойы жұмыс істеген қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізді. 2024 жылдың сәуір айындағы нақты жалақы туралы мәліметтер барлық қосымша төлемдерді, сыйақыларды, салықты және зейнетақы аударымдарын есепке алып көрсетіледі.
Зерттеу қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 3 437 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер 48,3% (1 659,7 мың адам), әйелдер — 51,7% (1 777,3 мың адам).
Қызметкерлердің жалпы санында орташа айлық жалақы алушылар үлесі келесідей бөлінді:
қызметкерлердің 6,1% – 100 000 теңгеге дейін алды
12% – 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін
35,1% – 150 001-ден 300 000 теңгеге дейін
35,6% – 300001-ден 600 000 теңгеге дейін
6,9% – 600 001-ден 900 000 теңгеге дейін
2,1% – 900 001-ден 1 200 000 теңгеге дейін
1% – 1 200 001-ден 1 500 000 теңгеге дейін
1,2% – 1 500 001-ден жоғары.
Зерттеу қорытындысы бойынша 2024 жылы қызметкерлер жалақысының медианалық мәні 285 677 теңгені құрады, өткен жылы қызметкерлердің жартысы жалақы мөлшері тізбегінің орта мәнінен жоғары, ал қалған жартысы төмен алатын медиана мәні 251 356 теңге болған.
Қызметкерлердің жалақысының модальді мәні (ең көп таралған жалақы) – 97 557 теңгені құрады. Айта кетейік, 2023 жылы оның мөлшері 81 377 теңге болған.
Басшылардың жалақы деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өсті. Өндірістік жабдық операторлары, көлік жүргізушілері және құрастырушылардың жалақысы 16%, ал фермерлер мен ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында 14,3% өскен.
Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 262 238 теңгені, жоғары білімділердікі – 438 005 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларда 558 882 теңгені құрады.Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақы 250 518 теңгені, 25 жастан 34 жасқа дейінгілерде 347 985 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейінгілерде 397 468 теңгені, 45-тен 54 жасқа дейінгілерде 372 824 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейінгі азаматтарда 340 769 теңгені және 65-тен асқандарда орташа жалақы мөлшері 318 564 теңге құрады.
Stat.gov.kz