8 ақпанда таңертең Жаңаөзен қаласындағы ереуілшілерге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мен "Қазмұнайгаз", "Өзенмұнайгаз" компаниялары өкілдері келді. Олармен жолыққан ереуілшілер ешқандай комиссиямен келісімге отырмайтынын, талаптары тек жұмыс орны екенін айтты. Бұл туралы жаңаөзендік азаматтық белсенді Серік Бақтыбайұлы Facebook парақшасындағы тікелей эфирде жүргізген видео таратты.
Ақтаудағы "Маңғыстау атом энергетика комбинаты (МАЭК) - Қазатомөнеркәсіп" мекемесінің мыңға тарта жұмысшысы мекеме маңында ереуілдеп жатқалы екінші күн. Олар жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды, белсенді жұмысшыларды қудаламауды талап етіп жатыр.
Олар кәсіпорын қызметкерлерді сыйақыдан айыратынына наразылық білдіріп, компанияны мемлекет меншігіне алуды сұрады
Қазақстанда қаңтар оқиғаларынан кейін адам құқтарының жайы қандай күйде? Ресми биліктің сөзі сенім тудыра ма? Халықаралық қауымдастық қандай баға беріп жатыр? Азаттық Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсоннан сұхбат алды.
Куәгерлер 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында әскери киім кигендер бейбіт тұрғындарға оқ атқанын айтады. Ол кезде қалада "террористерге қарсы операция" жүргізіліп жатқан еді. Азаттық 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында оқиға қалай өрбігенін анықтап көруге тырысты. Қалың тұман, ыс иісі, түнгі тәртіпсіздік пен бассыздықтың ізі. 5 қаңтарда мыңдаған адам қала әкімдігі мен президенттің Алматыдағы резиденциясына басып кірген еді. Ертеңіне қала ортасындағы телеарна мен радиостанция редакциялары талқандалды, дүкендер тоналып, Алматы тұрғындарының көбі үйінен шыға алмай қалды. Радио эфирінен елде "терроризмге қарсы операция" жүріп жатқаны ескертілді.
Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды. Із-түзсіз жоғалғандар, жарақатымен қамалғандар өте көп. Халықаралық ұйымдар елде адам құқықтарының ахуалы нашарлады деп дабыл қағып, Қазақстан басшылығынан барлық мән-жайды бейтарап зерттеуді талап етеді.
Құқық қорғау альянсының басты мақсаты – наразылықтардың хронологиясын, барысын объективті және әділ белгілеуге, құқық қорғау органдары мен демонстранттардың әртүрлі топтарының іс-әрекеттерін талдауға, наразылықтардың бейбіт кезеңнен зорлық-зомбылыққа өту себептерін, әділ сот процесінің стандарттарын қатаң сақтау үшін тергеу барысында азаматтардың іргелі құқықтарын сақтауға, азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерге жол бермеуге, кінәлілерді әділ жазалауға, ал жазықсыздарды қылмыстық жауапқа тартпауға, саяси оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерін зорлық-зомбылық жасағандардан бөліп қарауға атсалысу.
Қазақстандағы бірнеше адам құқығын қорғау ұйымы Жаңаөзен оқиғасына байланысты халықаралық деңгейде тәуелсіз зерттеу жүргізу туралы бастаманы қолдап, азаптау туралы шағымдарды тексеруді талап етті. 15 желтоқсан күнгі мәлімдемесінде ұйым өкілдері 2011-2012 жылдары Жаңаөзен оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп, сот өткен кезде айыпталушылардың азаптау туралы шағымдары қараусыз қалғанын еске салған. Олар "қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін" бес полицей сотталғанмен "полицияға халыққа оқ атуға кімнің бұйрық бергені анықталмады" деп жазды.
2021 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуілінен кейін полиция қызметкерлерінің оқ қаруын қолдану салдарынан болған қайғылы оқиғаға 10 жыл толады. Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан Шетпе ауылында ресми мәліметтер бойынша 17 адам қаза тауып, 86 адам жарақат алған.
Әзірбайжанның "СПИК Аккорд" компаниясынан 168 млн теңге қарызын ала алмай жүрген бір топ кәсіпкер 29 қарашада Ақтөбе облысының әкімдігіне барды. Наразылар биліктен Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауды талап етіп, облыс басшысы Оңдасын Оразалинмен кездестіруді сұрады.
Кәсіпкерлердің сөзінше, 2019 жылы Ақтөбе - Астрахань тас жолының 236-шақырымынан бастап реконструкция жасаған "СПИК Аккорд" компаниясына Байғанин ауданының тұрғындары түрлі техникаларын жалға берген.