Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілер көтерген мәселелер шешімін табады. 10 күн бойына келісім комиссиясы жұмыс істеп, оның құрамына кәсіподақ ұйымдары, әр кеніштен белсенділер, жергілікті атқарушы орган өкілдері кірді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына келесі міндеттемелер жүктелген:"12 талап қойылды. Олардың барлығы әділ. Мен барлық шахталарды аралап шықтым, кеншілермен кездесулерде барлық толғандыратын мәселелерді талқыладық", – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты жұмыс тобы құрылды. Мамандар 1996 жылдан бері орын алған апаттардың барлығын тексереді. Талдау негізінде іс-шаралар жоспары жасалуы керек.
Заңнамадағы өзгерістер үш мәселені, соның ішінде зейнет жасын төмендетуді талап етеді. Олар бойынша үкіметке хаттар жолданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ облыс әкімі кеншілер қалалары – Абай, Шахтинск және Саранды дамыту жоспарларына да тоқталды. Бұл қалаларда тұрғын үй құрылысын, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді абаттандыру жалғасады."Келісім комиссиясының жұмысы аяқталғна жоқ. Қабылданған шешімдердің орындалуын өзім қадағалайтын боламын. Ол үшін ай сайын кездесіп, екі жақты тыңдайтын боламыз", – деп сендірді Жеңіс Қасымбек.