Қазақстан сөз бостандығы рейтингісінде 141 орында
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы әлем елдерінің сөз бостандығына арналған жыл сайынғы рейтингісін жариялады. Журналистерді, блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартумен көзге түскен Қазақстан биылғы рейтингте 141 – орынға тұрақтады. Орталық Азиядағы көршілеріміз де бізден алысқа ұзамады: Қырғыстан 144 -орынға орналасса, Өзбекстан одан да төмен – 148 орынға жайғасты. Ең нашар жағдай Түркіменстанда байқалады, «Шекарасыз тілшілер» бұл елді 178 – орынға тұрақтатты.










