Олар кәсіпорын қызметкерлерді сыйақыдан айыратынына наразылық білдіріп, компанияны мемлекет меншігіне алуды сұрады
Қазақстанда қаңтар оқиғаларынан кейін адам құқтарының жайы қандай күйде? Ресми биліктің сөзі сенім тудыра ма? Халықаралық қауымдастық қандай баға беріп жатыр? Азаттық Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсоннан сұхбат алды.
Куәгерлер 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында әскери киім кигендер бейбіт тұрғындарға оқ атқанын айтады. Ол кезде қалада "террористерге қарсы операция" жүргізіліп жатқан еді. Азаттық 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында оқиға қалай өрбігенін анықтап көруге тырысты. Қалың тұман, ыс иісі, түнгі тәртіпсіздік пен бассыздықтың ізі. 5 қаңтарда мыңдаған адам қала әкімдігі мен президенттің Алматыдағы резиденциясына басып кірген еді. Ертеңіне қала ортасындағы телеарна мен радиостанция редакциялары талқандалды, дүкендер тоналып, Алматы тұрғындарының көбі үйінен шыға алмай қалды. Радио эфирінен елде "терроризмге қарсы операция" жүріп жатқаны ескертілді.
Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды. Із-түзсіз жоғалғандар, жарақатымен қамалғандар өте көп. Халықаралық ұйымдар елде адам құқықтарының ахуалы нашарлады деп дабыл қағып, Қазақстан басшылығынан барлық мән-жайды бейтарап зерттеуді талап етеді.
Құқық қорғау альянсының басты мақсаты – наразылықтардың хронологиясын, барысын объективті және әділ белгілеуге, құқық қорғау органдары мен демонстранттардың әртүрлі топтарының іс-әрекеттерін талдауға, наразылықтардың бейбіт кезеңнен зорлық-зомбылыққа өту себептерін, әділ сот процесінің стандарттарын қатаң сақтау үшін тергеу барысында азаматтардың іргелі құқықтарын сақтауға, азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерге жол бермеуге, кінәлілерді әділ жазалауға, ал жазықсыздарды қылмыстық жауапқа тартпауға, саяси оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерін зорлық-зомбылық жасағандардан бөліп қарауға атсалысу.
Қазақстандағы бірнеше адам құқығын қорғау ұйымы Жаңаөзен оқиғасына байланысты халықаралық деңгейде тәуелсіз зерттеу жүргізу туралы бастаманы қолдап, азаптау туралы шағымдарды тексеруді талап етті. 15 желтоқсан күнгі мәлімдемесінде ұйым өкілдері 2011-2012 жылдары Жаңаөзен оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп, сот өткен кезде айыпталушылардың азаптау туралы шағымдары қараусыз қалғанын еске салған. Олар "қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін" бес полицей сотталғанмен "полицияға халыққа оқ атуға кімнің бұйрық бергені анықталмады" деп жазды.
2021 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуілінен кейін полиция қызметкерлерінің оқ қаруын қолдану салдарынан болған қайғылы оқиғаға 10 жыл толады. Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан Шетпе ауылында ресми мәліметтер бойынша 17 адам қаза тауып, 86 адам жарақат алған.
Әзірбайжанның "СПИК Аккорд" компаниясынан 168 млн теңге қарызын ала алмай жүрген бір топ кәсіпкер 29 қарашада Ақтөбе облысының әкімдігіне барды. Наразылар биліктен Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауды талап етіп, облыс басшысы Оңдасын Оразалинмен кездестіруді сұрады.
Кәсіпкерлердің сөзінше, 2019 жылы Ақтөбе - Астрахань тас жолының 236-шақырымынан бастап реконструкция жасаған "СПИК Аккорд" компаниясына Байғанин ауданының тұрғындары түрлі техникаларын жалға берген.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына келесі міндеттемелер жүктелген: жыл сайын 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейінің 100% көлемінде жалақыны индекстеуді жүзеге асырсын;
өндірістік-экономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуына қарамастан ағымдағы жылдың желтоқсан айында 13-ші еңбекақы төлеуге; желтоқсанда жалақыны 15–17 пайызға көтеру; кадр тапшылығын жою, ол үшін желтоқсан айының соңына дейін нормативті сандық және штаттық кестені әзірлеп, ай сайын олар толық қамтылғанға дейін кемінде 100 адамды жұмыспен қамту; жұмыс автобустарын жаңарту; 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін жұмысқа орналасқан қызметкерлердің демалыс күндерінің санын көбейтуге; ұзақ уақыт ауырған адамдардың еңбекке жарамсыздық парағындағы төлемдерді 50 АЕК-ке дейін арттыру; шахталарда техникалық аудит жүргізу және ескірген жабдықты пайдаланудан шығару; тау-кен-геологиялық жағдайларға байланысты жоспарлау тапсырмаларын түзету.
Бүгін, 15 қарашада Ақтөбе фермерлері митингіге шықты. Жергілікті әкімдік рұқсат берген бұл наразылықта ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалар айтылды. Ақтөбе фермерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған акцияға жүз шақты адам қатысты. Наразылардың арасында Қарағанды мен Батыс Қазақстан облысының фермерлері де болды.