«Абай» шахтасында тағы да апат болып, алты кенші көз жұмды
Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында апат салдарынан алты адам мерт болды. Шахтада осыған ұқсас төтенше жағдайлар бұрын да болған, болашақта да қайталануы әбден мүмкін. 13 жыл бұрын шахтада болған қайғылы оқиғалардан кейін құрылған «Шахтерлар отбасы» қоғамдық бірлестігі жұмысшылар «жүйенің кепіліне» айналды деп есептейді.
Жексенбі күні шахтадағы апат салдарынан алты адам қазаға ұшырады. Төтенше оқиға Қарағанды өңірі мен шахтерлар көп тұратын Абай қаласын дүр сілкіндірді. Апаттан шахтаға жол салатын жұмысшылар мен шеберлер опат болды.









