Жаңаөзенде «Бұрғылау» мұнай сервис компаниясының аутсорсинг жұмысшылары ереуілге шықты
Жаңаөзенде «Бұрғылау» мұнай сервис компаниясына мердігер «Фиркрофт» ЖШС-інің жүзге тарта жұмысшысы жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. Жұмысшылардың сөзіне сүйенген Vlast сайтының жазуынша, 19 сәуірде еңбек инспекциясы, қала әкімінің орынбасары мен кеңесшісімен кездесуден нәтиже шықпаған.
Details








