Размер::
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта
03.12.2022 / Казахстан

2023 жылы жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және АЕК қалай өзгереді?

2023 жылы жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және АЕК қалай өзгереді?

Мемлекет басшысы "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Экспресс К.

Осылайша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы негізгі есептік көрсеткіштер келесідей болады:

  • ең төменгі жалақы мөлшері — 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 24 341 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері — 53 076 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 40 567 теңге.

Жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға арттыруды ескере отырып көзделген,

— делінген құжатта.

Оқи отырыңыздар:

Бұған дейін атаулы көмек алатын балаларға азық-түлік орнына 5 мың теңгеден берілетіні туралы жазған едік.


Экспресс К